Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 121

Құдайдың қаласына игілік тілеу

1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)

«Барайық киелі үйіне Жаратқанның!»

Дегенді естіп қатты қуандым.

2 Уа, Иерусалим, аяғымыз біздің

Қақпаларыңның алдында тұр сенің.

3 Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан

Қала болып Иерусалим салынған.

4 Осында өрлеп келіп тұрады

Жаратқанға сиынатын рулары,

Исраилге Ол мынаны заң етіп тапсырды:

Жаратқан Иенің есімін мұнда даңқтауды.

5 Қалада тұр билердің орындықтары,

Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.

6 Амандық тілеңдер Иерусалим үшін:

«Қаланы сүйетіндер өркендесін,

7 Қамалыңның ішінде амандық болсын,

Сарайларыңда тыныштық орнасын!»

8 Тума-туыс, дос-жарандарым үшін

Қалаға аман-есендік тілеймін.

9 Құдай Иеміздің киелі үйі үшін

Иерусалимге зор игілік тілеймін.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também