Pular para o conteúdo
Publicidade

Morte

Por Bíblia Online

A morte é a realidade que todos enfrentam, mas para o cristão ela não é o fim. A Bíblia ensina que Cristo venceu a morte e nos dá a esperança da ressurreição e da vida eterna.

Cristo venceu a morte

Onde está, ó morte, o teu aguilhão? Cristo destruiu o poder da morte e nos deu a vitória pela ressurreição.

Өлім, қайда сенің жеңісің? О дүние, қайда улы тісің?Өлім тудыратын «улы тіс» — күнә, ал күнә өз күшін заңнан алады.Құдайға шүкірлік етейік! Ол бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңісті сыйлайды.

Жойылатын соңғы жау — өлім.

Бір адам арқылы өлім дүниеге келді, сол сияқты бір Адам арқылы өлгендер қайта тіріледі:

яғни Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлуге тиіс болғанындай, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тіріледі.

Мынау — дәл айтылған, шынайы сөз:

«Егер Мәсіхпен бірге өлген болсақ,

Онымен бірге өмір сүретін де боламыз.

Алғашқы қайта тірілуге қатысқан әркім бақытты да қасиетті! Мұндайларға «екінші өлім» билігін жүргізбейді. Керісінше, олар Құдайдың және Мәсіхтің діни қызметкерлері болып, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрмақ.

A esperança da vida eterna

Jesus disse: 'Eu sou a ressurreição e a vida.' Quem crê nele não está morto, mas apenas adormecido — e um dia despertará para a glória.

Ал Иса оған:

— Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді. Бұған сенесің бе? — деді.

Ал Иса оған:

— Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді. Бұған сенесің бе? — деді.

Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды.

Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.

Иеміздің қайтып келіп, өлгендерді қайта тірілтуі

Қымбатты бауырластар, үміті үзілген басқалар сияқты қайғырмауларың үшін сендерді бұ дүниеден қайтқан сенушілердің жағдайы туралы хабарсыз қалдырмаймыз. Исаның өліп, қайта тірілгендігіне кәміл сенеміз ғой. Сондықтан Оған сеніп бұ дүниеден кеткендердің Исамен бірге болулары үшін Құдайдың оларды қайта тірілтетініне де сенейік.

Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз.

Não temas a morte

Não temas os que matam o corpo. Para o cristão, viver é Cristo e morrer é lucro. O vale da sombra da morte não assusta quem caminha com o Pastor.

Тәнді өлтірсе де, жанды өлтіре алмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!

Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады, ал өмірін Мен үшін қиған әркім оған (мәңгі) иелік етеді.

Себебі Мәсіх — менің өмірім, ал өлім мен үшін ұтыспен тең.

екеуіне де құштармын: бұ дүниеден кетіп, Мәсіхпен бірге болғым келеді, бұл бәрінен де анағұрлым жақсы, ал тәнімнің аман қалғаны сендер үшін қажеттірек.

Алайда біздің отанымыз көкте, содан Құтқарушымызды — Иеміз Иса Мәсіхті сағына күтеміз. Ол әлемдегі күллі нәрселерді де жеңіп бағындыру үшін қолданатын құдіретті күшімен біздің өткінші тәнімізді Өзінікі сияқты салтанатты денеге айналдырады.

Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,

Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.

Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,

Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.

Себебі өмір сүрсек, Иемізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Иемізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз.

A eternidade nos aguarda

Deus enxugará toda lágrima. A morte será o último inimigo destruído. Para os salvos, a morte é a porta de entrada na presença eterna de Deus.

Көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім: «Қараңдар, Құдайдың адамдар арасындағы тұрағы! Ол солармен бірге тұрып, олар Оның халқы болмақ. Осылай Құдайдың Өзі солармен бірге мекендеп, олардың Құдайы болады! Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».

Ол барлық көз жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды. Себебі бұрынғы әлем құрып, жоқ болды».

Құдай адамның бір рет өліп, содан соң қиямет сотының алдында тұратынын белгілеген.

Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!

Тіпті әділ біреу үшін өмірін құрбан ететін ешкім жоқ іспетті. Тым болмағанда, шынайы ізгі адам үшін бірен-саран кісі өмірін қиюға даяр болуы мүмкін. Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді.

Күнә жасаған бір кісі — Адам ата арқылы өлім бүкіл адамзатқа билік жүргізіп келеді. Сол сияқты, Құдайдың шексіз рақымын және әділдіктің тегін сыйын қабылдағандар бір Кісі — Иса Мәсіх арқылы өмірде билік құрады.

Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір.

A morte na perspectiva bíblica

Há tempo de nascer e tempo de morrer. A morte é realidade humana, mas Deus é Senhor tanto dos vivos quanto dos mortos.

Пенделік даналық пен құштарлық шектеулі

«Жақсы атақ қымбат иісмайдан артық, адамның өлген күні туған күнінен артық».

тыныш, жайлы орынға енеді. Тура жолмен жүргендер о дүниеде тынығатын болады.

Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді,

Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді,

Түнек басқан жерде тұратын елге

Таңның шапағы сәулесін төгуде!

Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жеме! Себебі одан жесең, сол күні өлесің», — деді.

«Сен Құдайымсың, — дедім Жаратқанға, —

Уа, Ием, құлақ түрші жалынған даусыма.

Жаратушы Тәңір Ием, мықты құтқарушымсың,

Шайқас күні басымды дулығадай қорғадың.

Жүрегіңнің үстіне мені мөрдей тақшы,

Мөрлі білезіктей білегіңе салшы!

Өйткені махаббат өлімдей қуатты,

Құлшынысы оның ажалдай қатты!

Ол өз отын найзағайдай шашады,

Лапылдап өрт жалынындай жанады.

Ал енді, адам атаулы іспетті мен де бұ дүниеден өтпекшімін. Шын жүректен, бар жан дүниелеріңмен мынаны мойындауларың керек: Құдай Иелеріңнің өздеріңе берген барлық игілікті уәделерінің біреуі қалмастан бәрі жүзеге асты. Оның бір сөзі де орындаусыз қалған жоқ.

Өйткені Мен ешкімнің де өлімін қаламаймын. Сондықтан өкініп, теріс жолдарыңнан қайтып, өмір сүре беріңдер! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын.

Иса қатты дауыспен айқайлап: «Әке, Сенің қолыңа рухымды тапсырамын!» — деді. Мұны айтқаннан кейін жан тәсілім етті.

Ол о дүниеде азап шегіп жүріп, басын көтеріп қарағанда алыстан Ыбырайым мен оның қасында жантайған Елазарды көреді. Содан ол қатты дауыспен:

— Ыбырайым ата, маған қайырым қылып, Елазарды жібере көріңіз! Ол бармағының ұшын суға малып алып, тілімді салқындатсын. Мына жалынды отта қатты қиналып жатырмын, — деп жалбарынады.

Сонда құмарлыққа берілсе, сол күнәні тудырады, ал күнә жасау рухани өлімге ұшыратады.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.