Pular para o conteúdo
Publicidade

Obediência

Por Bíblia Online

A obediência a Deus é a resposta natural do amor. Jesus disse: 'Se me amais, guardareis os meus mandamentos.' A obediência abre portas de bênção e nos aproxima do coração de Deus.

Obedecer é melhor que sacrificar

Deus deseja obediência acima de rituais. O sacrifício sem submissão ao Senhor é vazio de significado espiritual.

Бірақ Самуилдің жауабы мынау болды:

— Жаратқан Иеге шын ұнайтын —

Құрбандық пен басқа сый-тарту ма,

Әлде Оған мойынсұнып, тілін алу ма?!

Мойынсұну Оған артық сый-тарту атаулыдан,

Еркіне бағыну қошқар майынан ұнамды Оған!

Петір мен өзге елшілер былай деп жауап берді:

— Адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек қой!

Біз де, Киелі Рух та бұл оқиғаларға куәміз. Құдай осы Киелі Рухын Өзіне бой ұсынғандарға сыйға береді.

Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді.Жүктелген тапсырмасын толық орындап шыққан Ол Өзіне мойынсұнғандардың барлығы үшін мәңгілік құтқарылуға жол ашты.

Obedecer aos mandamentos de Cristo

Jesus vinculou amor a obediência. Quem ama a Deus guarda seus mandamentos, e seus mandamentos não são pesados.

Құдай Рухының сенушілерге қонуы туралы уәде

Сендер Мені сүйсеңдер, өсиеттерімді орындаңдар!

Иса былай деп жауап берді:

— Кім Мені сүйсе, сол айтқан сөздерімді берік ұстанады, әрі Әкем оны сүйеді. Біз сондай адамдарға келіп, өмірлерінен орын аламыз.

Ал өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес.

Сүйікті бауырларым, жүрегіміз бізді айыптамағанда Құдай алдында нық сеніміміз болады және Одан не сұрасақ та, аламыз. Өйткені Құдайдың өсиеттерін орындап, Ол не қаласа, соны істейміз.

Берік негіз бен осал негіз

Егер сендер айтқандарымды орындамасаңдар, несіне Мені «Мырза, Ие!» дейсіңдер?

Мәсіхтің ізгі жолына толық бағышталу қажет

Бұдан кейін Иса халықтың бәріне арнап мынаны айтты:

— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін!

Obedecer e praticar a Palavra

Sejam praticantes da Palavra. Quem ouve e pratica é como o homem sábio que construiu sobre a rocha firme — inabalável.

Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар.

Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар.

Сонымен, Құдайға мойынсұныңдар!

Әзәзіл шайтанға қарсы тұрыңдар, сонда ол сендерден қашып кетеді.

Осы Таурат заңы кітабында жазылғандардың бәрін сақтап, орындай алуың үшін оларды аузыңнан тастамай, күні-түні оқып, солар туралы ойланатын бол! Сонда ғана өркендеп табысты боласың.

Осы Таурат заңы кітабында жазылғандардың бәрін сақтап, орындай алуың үшін оларды аузыңнан тастамай, күні-түні оқып, солар туралы ойланатын бол! Сонда ғана өркендеп табысты боласың.

Азғын әйелден сақтандыру

Балам, әке өсиетін есте сақта,

Анаң берген тәлімнен де бас тартпа,

Тәрбиеге мойынсұнған жан өмірге жол бастар,

Ал ескертуді елемейтін өзгені де азғырар.

Bênçãos da obediência

A obediência abre caminho de bênçãos e prosperidade. Deus promete vida, saúde e vitória aos que andam em seus caminhos.

Құдайға мойынсұнғандарға арналған он екі бата

Сонымен сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ асып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған күллі өсиеттерін сақтап орындайтын болсаңдар, Ол сендерді жер бетіндегі барлық халықтардан жоғары қояды.

Олардың Мені терең қастерлеп, өсиеттерімді түгел орындауға ниеттенген жүректері берік болса екен! Сонда олардың өздері де, ұрпақтары да әрқашан игілікті өмір сүретін болады.

Құдай Иеміз өздеріңе нұсқаған жолмен жүріңдер! Сонда сендер тірі қалып, иемденгелі тұрған елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласыңдар.

Сондықтан кімде-кім ондағы өсиеттердің тіпті ең кішкентайын болса да бұзып, басқаларды соған үйретсе, Құдай Патшалығындағы адамдардың арасында оның жолы ең кішкентай болады. Ал өсиеттерді орындап, жұртты соған үйреткендердің Құдай Патшалығындағы жолы үлкен болады.

Сонымен, сүйікті бауырластарым, табанды болып, сенімдеріңнен айнымай, Иеміздің ісін әрдайым молынан істей беріңдер! Өйткені Иемізбен жүріп атқарған еңбектеріңнің бекер еместігін біліп алдыңдар.

Бір кісінің Құдайға мойынсұнбауы көптеген адамдарды күнәкар етті. Дәл солай, басқа бір Кісінің Құдайға мойынсұнуы арқылы көптеген адамдар ақталады.

Ал Таурат заңы болса, күнә туралы түсінігіміздің көбейе түсуі үшін берілді. Бірақ күнә қаншалықты көбейсе, Құдайдың рақымы одан да асып түсті.

Submissão e consagração

Apresentar o corpo como sacrifício vivo é o culto racional. A obediência se expressa em submissão, serviço e consagração total a Deus.

Өмірлеріңді Құдайға бағыштаңдар

Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады.

Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.

Лайым жақсылыққа деген талпыныстарың бәсеңдемесін; Иеміздің қызметінде жүріп, рухтарың жалындай берсін!

Өйткені Құдай Рухының жетелеуімен жүретіндер — Құдайдың рухани балалары.

Үкіметке мойынсұну туралы

Әрқайсың мемлекеттік билігі барларға мойынсұныңдар! Себебі мемлекеттік биліктің бәрі негізінде Құдайдан; қазіргі билікті де Құдай орнатқан.

Үкіметке мойынсұну туралы

Әрқайсың мемлекеттік билігі барларға мойынсұныңдар! Себебі мемлекеттік биліктің бәрі негізінде Құдайдан; қазіргі билікті де Құдай орнатқан.Сондықтан билікке қарсы шыққандар Құдайдың орнатқан тәртібіне қарсы тұрады. Мұндай қарсыласқандар жазаларын тартатын болады.

Осылай мен, Құдай қаласа, қуана-қуана сендерге келмекпін. Сонда біз бірге болып, көңілімізді өзара орнықтырамыз.

Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы да

Жаратқан Ие деп ашық мойындауға

Тиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға.

Құдайдың рухани балалары ретінде Оған мойынсұныңдар. Бұрын Оның шынайы хабарын білмей, өмірлерің жаман істерге жетелейтін құмарлықтардың билігінде болып келді. Бұған енді жол бермеңдер!

Сол адам былай деп жауап берді:

— «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» Және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» делінген.

Жауларын жақсы көру және игілік істеу қажеттігі туралы

Бірақ, Мені тыңдаушылар, сендерге айтамын:

жауларыңды жақсы көріңдер!

Өздеріңді жек көретіндерге жақсылық жасап,

қарғайтындарға да игілік тілеп,

өкпелететіндер үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!

Қайда барсаң да, не істесең де, табысты болуың үшін Құдайың Жаратқан Иенің өзіңе тапсырған міндетін орындайтын бол! Оның Мұса арқылы берген Таурат заңында жазылған барлық ережелері мен өсиеттерін, шешімдері мен бұйрықтарын бұлжытпай орындап, Оның ізгі жолымен жүретін бол!

Сендер Мені таңдап алған жоқсыңдар, қайта, Мен сендерді таңдап алдым: өздерің барып, рухани жеміс берсін, сол жемістерің тұрақты болсын деп тағайындадым. Сонда Менің атымнан не сұрасаңдар, Әкем соның бәрін де береді.

Мені тыңдап, есімімді шын жүректен құрметтеуге берік шешім қабылдаңдар! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Әйтпесе Мен сендердің өздеріңе қарғыс жіберемін, әрі сендердің халыққа берген баталарыңды қарғысқа айналдырамын. Иә, тіпті қазірдің өзінде Мен оларды қарғысқа айналдырдым! Себебі сендер Менің есімімді шын жүректен құрметтемейсіңдер.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.