Pular para o conteúdo
Publicidade

Orgulho

Por Bíblia Online

O orgulho é um dos pecados mais condenados na Bíblia. Deus resiste aos soberbos, mas dá graça aos humildes. A humildade é o caminho da honra verdadeira.

Deus resiste ao soberbo

A soberba precede a ruína e o orgulho antecede a queda. Deus abomina o coração altivo e promete humilhar quem se exalta.

Менмендік — күйреудің басы,

Асқақтық — құлаудың алды.

Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар,

Шүбә жоқ, жазасыз қалмайды олар.

Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар,

Ақырында олар ажалға бастап апарар.

Жаратқанды қастерлеп, мойынсұну,

Бұл — жамандық атаулыны жек көру.

Жек көремін мен паңдық пен менмендікті,

Жаман іс-әрекет пен бұрма сөзді.

Менмендікке масқара серік,

Кішіпейілге даналық серік.

Менмендікке масқара серік,

Кішіпейілге даналық серік.

Менмендік адамның мерейін түсірер,

Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер.

Менмендік адамның мерейін түсірер,

Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер.

Адам құлар алдында асқақ болар,

Абыройы асар алдында кішіпейіл болар.

Адам құлар алдында асқақ болар,

Абыройы асар алдында кішіпейіл болар.

Кішіпейіл жанның абыройы өсер

Жаратқан Ие менменнің үйін талқандар,

Ол жесірдің жерінің шекарасын қорғар.

Humildade como caminho

Humilhai-vos diante do Senhor e Ele vos exaltará. A grandeza no Reino vem pelo serviço humilde, não pela autopromoção.

Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».

Жаратқан Иенің алдында бой ұсыныңдар, сонда Ол сендерді жоғарылатпақ.

Қарапайым бауырластарың Құдай алдындағы жоғары дәрежесімен, ал бай адам қарапайым дәрежесімен мақтансын. Өйткені пенде шөп арасындағы жабайы гүл іспетті бірден құрып кетпек.

Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».

Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ. Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!

Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.

Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар! Әрқайсың өз мүдделеріңді ғана емес, басқалардікін де ойлап жүріңдер! Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын:

Os perigos do orgulho

O orgulho cega, gera contendas e afasta de Deus. A Escritura adverte contra a soberba da vida e a vã glória mundana.

Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.

Сондықтан өзін «сенімімде берік тұрмын» деп санайтын әркім күнәға батудан сақ болсын!

Егер үлестірсем бар байлығымды

Бейшара жарлы-жақыбайларға,

Тіпті құрбан қылсам да жанымды,

Тәнімді қисам отқа жағуға,

Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,

Маған келер пайда жоқ бұдан да.

Осы дүние маңызды деп есептейтіндерді жою үшін Құдай осы дүниенің менсінбей, қорлап, түкке тұрғысыз деп санағандарын таңдап алды. Осылайша Құдайдың алдында ешкімнің де мақтануына болмайды.

«Кім мақтанғысы келсе, тек Жаратқан Иемен мақтансын!» деп Пайғамбарлар жазбаларында айтылған ғой.Ендеше өзін-өзі мақтаған емес, тек Иеміз мақтаған ғана шынымен қадірленуге лайық.

Ол тағы да былай деді: — Адамды арамдайтын — оның ішкі дүниесінен шыққандары! Себебі адамның ішкі дүниесінен, яғни оның жүрегінен, шығатындар мыналар: жаман ойлар, азғындық, неке адалдығын бұзу, кісі өлтіру, ұрлық, ашкөздік, зұлымдық, алдаушылық, жүгенсіздік, қызғаныш, жамандау, тәкаппарлық және ақымақтық.Осындай арамдықтардың бәрі адамның ішкі дүниесінен шығып, оның өзін арамдайды.

Менмендік дау-жанжал туғызар,

Даналық ақылдасқандарда болар.

Жаратқанды терең қастерлейтін кішіпейілдер

Байлық, абырой, шынайы өмірге кенелер.

Осы дүниелік мал-мүлікке бай сенушілерге мынаны ескерт: олар менмен болмасын және сенімдерін өткінші байлыққа емес, Құдайға артсын! Ол адамдар рақатын көрсін деп игіліктердің бәрін сыйлайды.

O olhar de Deus

O Senhor não olha como o homem. Ele vê o coração e se agrada dos quebrantados de espírito e dos que tremem diante da sua Palavra.

Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.

Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,

Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады».

Пенделер, тағы да паңдана мақтанбаңдар,

Ауыздарыңнан тәкаппар сөз шығармаңдар!

Себебі Тәңір Ие бәрін біліп тұрады,

Құдай істеріңе әділ үкім шығарады!

Осы әлем түгелдей Менің қолымнан шығып, пайда болды емес пе?! — деп ескертеді Жаратқан Ие.

Ал Мен көз қырымды салатындар: күнәларына шын жүректен өкініп, сөзімді терең қастерлеп, іске асыратындар.

Ал Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб оған мына мақалмен жауап берді:

— Оған айтып барыңдар: Семсерін асынып жатқан емес, онысын жеңіспен шешкен мақтансын!

Өзара ынтымақтас болыңдар; өркөкірек емес, кішіпейіл болып, өздеріңді басқалардан ақылды санамаңдар!

Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.