Ouvir
Ouvir é uma disciplina espiritual essencial. A Bíblia exorta: 'Quem tem ouvidos, ouça.' A fé vem pelo ouvir, e ouvir é mais que escutar — é obedecer e agir.
A fé vem pelo ouvir
Sem ouvir a Palavra, não há fé. A pregação do evangelho gera fé nos corações de quem ouve com disposição e humildade.
Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады.
Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады.
(Енді былай деулерің де мүмкін:) «Олар Иемізге сенбесе, қалай Оған сиынады? Ол туралы естімесе, қалай сенеді? Оны ешкім уағыздамаса, қайдан естиді?
Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!»
Осылайша Ишая пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздері олардың өмірінде жүзеге асады: Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар! Өйткені бұл халықтың жүректері қасарысқан сезімсіз, құлақтары керең, көздері жұмылған. Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен түсініп, теріс жолдарынан қайтар еді. Сонда Мен оларды рухани дертінен сауықтырар едім!
Ouvir e obedecer
Não basta ouvir — é preciso praticar. Quem ouve a Palavra e a pratica é como o homem sábio que edificou sobre a rocha.
Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар.
Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар.
Құдайдың хабарын есту және іске асыру
Ал енді, сүйікті бауырластарым, мынаны ескеріңдер: «Әркім тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан, ашулануға баяу болсын».
Құдайдың хабарын есту және іске асыру
Ал енді, сүйікті бауырластарым, мынаны ескеріңдер: «Әркім тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан, ашулануға баяу болсын».
Ашу-ызаның жетегіндегі адам Құдайға ұнайтын әділ істерді жасай алмайды.
Таудағы уағыздың соңы: Берік негіз бен осал негіз
Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады.
Таудағы уағыздың соңы: Берік негіз бен осал негіз
Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне қалап салған көреген адамға ұқсас болады. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған.
Алайда осы айтқандарымды естісе де, орындамаған әркім үйін құм үстіне салған ақымаққа ұқсайды. Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол опырылып құлап қалады.
Иса оған былай деп жауап қатты:
— «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді» деп (Тауратта) жазылған ғой!
Бірақ Иса оған:
— Құдай сөзін естіп, оны орындайтындар одан бетер бақытты! — деді.
Бірақ Иса оған:
— Құдай сөзін естіп, оны орындайтындар одан бетер бақытты! — деді.
Менен үйреніп, қабылдаған тәлімді әрі өмірімнен көріп, естігендеріңді іске асыра беріңдер! Сонда тыныштықтың қайнар көзі — Құдай сендерге жар болады.
Deus ouve nossas orações
O Senhor ouve os que clamam a Ele de coração sincero. Ele inclina os ouvidos para as nossas súplicas e responde com fidelidade.
Халықтарды Құдайды мадақтауға шақыру
Иемізді даңқтаңдар, барлық ұлттар!
Оны мадақтаңдар, күллі халықтар!
Ол зор мейірімін танытады,
Бізге мәңгілік адал болады.
Мадақтаңдар Иеміз — Жаратқанды!
Күйеу жігіттей бөлмесінен шыққан
Күннің жүзі де қуана нұрланады,
Ол жүйріктей жарысуға құлшынады.
Алайда мен сүрінгенде олар қуанды,
Айыптауға маған қарсы жиналды,
Бейхабар мені үздіксіз даттады,
Құлақ салсаңшы дауысыма зар жылаған,
О, Патшам, Құдайым менің, сиынамын Саған.
Әділдер мұны көріп қайран қалады,
Былай деп келекелейді сол арамды:
Өтірікке лық толған өз ауыздары,
Алдамшы да олардың берген анттары.
Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз.
Не сұрасақ та, Құдай бізге құлақ салады деп білсек, Оның тілегенімізді беретінін де білеміз.
Сол кезде Маған сиынып шақырасыңдар, алдыма келіп дұға етесіңдер, ал Мен сендерге құлақ асамын.
Маған дауыстап мінажат ет, жауап беремін, сен білмейтін ұлы да құпия жайттарды білдіремін!
Күнә — адамды Құдайдан ажырататын бөгет
Біліп алыңдар: Жаратқан Иенің қолы сендерді құтқаруға дәрменсіз емес, Оның құлағы мінажаттарыңды естуге мүкіс те емес.
Ouvir a voz de Deus
Jesus disse: 'As minhas ovelhas ouvem a minha voz.' Deus fala através da Palavra, do Espírito e das circunstâncias — cabe a nós ouvir.
Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді.
Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті.Сендерге тағы бір өте маңызды шындықты айтып тұрмын: рухани өлілер Құдайдың рухани Ұлының даусын естіп, Оған сенетін уақыт болады, тіпті сол уақыт келді де. Сонда Оның даусына құлақ салғандар тіріледі.
Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады.
Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады.
Сендер тек Құдайларың Жаратқан Иенің жолымен жүріп, жалғыз Оны ғана қастерлеулерің керек! Оның өсиеттерін орындап, даусына құлақ асатын болыңдар! Әрдайым Жаратқан Иеге қызмет етіп, Одан ажырамастай берік ұстаныңдар!
Құдайдың сендерге өз Рухын беріп, араларыңда керемет істер жасағанының себебі — Таурат заңын орындауларың ба, әлде Ізгі хабарды тыңдап, сенулерің бе?
Sabedoria no ouvir
Seja pronto para ouvir e tardio para falar. A sabedoria começa com a disposição de ouvir instrução e aceitar correção.
Тыңдамай жатып жауап қайтарған —
Масқара болатын ақылсыз жан.
Ақылмен еңбек еткен игілік табар,
Жаратқанға сенім артқан бақытты болар.
Азғын әйелден сақтандыру
Балам, әке өсиетін есте сақта,
Анаң берген тәлімнен де бас тартпа,
Тәрбиеге мойынсұнған жан өмірге жол бастар,
Ал ескертуді елемейтін өзгені де азғырар.
Заңға құлақ аспайтынның
Мінажаты да Құдайға жексұрын.
«Ақымақтардың мақтау өлеңдерінен гөрі дананың сөгісін тыңдаған артық».
Өмірде болатын жайттар адамды сөзбен айтып жеткізе алмастай қажытады. «Көз көруден, құлақ естуден қанағат таппас».
Егер әлі де Маған қарсы шығып, еркіме бағынбай қойсаңдар, күнәларыңа сай апатты жеті есе ұлғайтамын.
Мені тыңдап, есімімді шын жүректен құрметтеуге берік шешім қабылдаңдар! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Әйтпесе Мен сендердің өздеріңе қарғыс жіберемін, әрі сендердің халыққа берген баталарыңды қарғысқа айналдырамын. Иә, тіпті қазірдің өзінде Мен оларды қарғысқа айналдырдым! Себебі сендер Менің есімімді шын жүректен құрметтемейсіңдер.
Бірақ Мен саған тіл қатқан кезде аузыңды ашамын. Сонда оларға: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады!» деуге тиіссің. Тыңдағысы келгендер тыңдасын, ал тыңдағысы келмегендер тыңдамай-ақ қойсын. Өйткені олар бағынбайтын бас көтергіш халық қой!»
Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Біліп қойыңдар! Мен не нанды аңсайтын аштықты, не суды аңсайтын шөлді де емес, Менің, Жаратқан Иенің, сөзін естуге деген аштық пен шөлді жіберетін уақытым келе жатыр!
Түн ортасында Пауыл мен Сыйлас Құдайға сиынып, Оны ән-жыр айтып дәріптеп мадақтады. Басқа тұтқындар мұны тыңдап жатты.
Ешуа исраилдіктерді өзіне шақыртып, оларға былай деді: «Мұнда жақындап, Құдайларың Жаратқан Иенің сөздерін тыңдаңдар!
Сондықтан қараңғыда айтқандарың жарықта естіледі, үй ішінде құлаққа сыбырлағандарың жұртқа жария болады.
Күнәлі бауырласын тура жолға қайтаруға ұмтылу
Егер бауырласың саған қарсы күнә жасаса, оған барып, істегені туралы оңаша сөйлесіп, әшкереле. Егер де айтқаныңа құлақ асса, бауырласыңды қайтадан тапқаның.
Күнәлі бауырласын тура жолға қайтаруға ұмтылу
Егер бауырласың саған қарсы күнә жасаса, оған барып, істегені туралы оңаша сөйлесіп, әшкереле. Егер де айтқаныңа құлақ асса, бауырласыңды қайтадан тапқаның. Ал егер тыңдамаса, қасыңа бір-екі кісі ертіп алып, оған тағы бар. Осылай әрбір сөз екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденсін.Егер де оларға да құлақ аспаса, бұл туралы сенушілер қауымына айтып бер. Ал егер қауымды да тыңдамаса, онда оған Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамына не күнәкар салықшыларға қарағандай қара.
Етор Жаратқан Иенің Исраилді мысырлықтардың зорлық-зомбылығынан құтқарғанына және оған жасаған бүкіл жақсылықтарына қатты қуанып:
Өлім толқындары жан-жақтан құрсады,
Заңсыздық тасқыны көміп тастады,
Ажалдың шынжыры мені матады,
Өлімнің торы бұғаулап шырмады.
Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,
Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.
Киелі орнынан Ол құлақ салды,
Жалынышым Оның алдына барды.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.