Сардтағы қауымға арналған сәлемхат
1 Сардтағы3:1 (1:1) Ежелгі Лүдия патшалығының астанасы болған Сард қаласы өте бай еді. Қазіргі аты — Сарт. қауымның періштесіне былай деп жаз:
Бұл — Өзінде Құдайдың жеті Рухы3:1 1:4. әрі жеті жұлдызы3:1 1:16. Бардан хабар.
Мен сенің істеріңді білемін; жұрт сені тірі деп санағанмен (рухани) өлісің. 2 Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт!3:2 Немесе: Сергек бол! (Айналаңдағы рухани) өлетін басқаларға (Құдайдың) қайта тірілтетін құдіретін жеткізе гөр. Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым. 3 Өзің тыңдап қабылдаған шынайы ілімді есіңе түсіріп, ұстанып, теріс жолдан қайт! Ал егер оянбасаң, саған ұры сияқты сап ете түсемін. Менің келетін уақытымды ешқашан біле алмайсың.
4 Дегенмен Сардтағы сендердің араларыңда арамданбаған3:4 Немесе: киімдерін арамдамаған (Яһд 23). бірқатарың бар. Олар аппақ киім киіп,3:4 3:5; 6:11; 7:9,13-14. Менімен бірге жүретін болады. Себебі олар соған лайық.
5 Жеңіп шыққан әркім солар сияқты аппақ киім киетін болады; Мен оның есімін Мәңгілік өмір кітабынан3:5 Яғни мәңгілік өмірді иемденетіндер тіркелген Құдайдың кітабы (20:12; 21:27; Лұқ 10:20; Дан 12:1). өшірмей, Әкемнің және Оның періштелерінің алдында ашық мойындаймын.
6 Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!
Філаделфидегі қауымға арналған сәлемхат
7 Філаделфидегі3:7 (1:11) Саудамен көп айналысқан қаланың аты «бауырластық сүйіспеншілік» дегенді білдіреді. Бүгінгі аты: Алашеһір. қауымның хабаршысына былай деп жаз:
Бұл — Киелі де Шынайыдан хабар.3:7 (6:10) Яғни бұл — Құдай Әкеге толық бағышталған қасиетті де шынайы Мәсіхтен хабар (6:10; 19:11; Мар 1:24; Жох1 5:20). Өзімде Дәуіттің (патшалығының) кілті бар; Мен ашқанды ешкім жаба алмайды, Мен жапқанды ешкім аша да алмайды.3:7 1:18; Әйүп 12:14; Иш 22:22.
8 Сенің істеріңді білемін. Міне, Мен алдыңнан есікті3:8 Яғни Құдайдың қасына да, Оған жер бетінде қызмет етуге де жол ашатын есікті (Елш 14:27; Евр 10:19-20; Қор1 16:9; Қол 4:3). ашып қойдым, ешкім де оны жаба алмайды. Өзіңдегі күш азырақ болғанымен, сен айтқандарымды сақтап, Менен танбадың.3:8 Яки: Менің атымнан танбадың (2:13).
9 Тыңда: өздерін яһудиміз (яғни Құдай халқымыз) десе де, олай емес, өтірікші әрі «шайтанның мәжілісханасы»3:9 2:9; Жох 8:44; Қор2 11:14-15. болғандардың кейбіреулерін саған беремін; расында оларды аяғыңа бас ұрғызып, Өзімнің сені сүйетіндігіме көздерін жеткіздіремін. 10 Сен Менің азаптарда төзімділік таныту туралы бұйрығымды орындап келгендіктен,3:10 Немесе: төзімділік танытқандығым туралы хабарды сақтап. Мен сені осы дүниенің адамдарын тексеруге арналған, бүкіл жер бетінде болатын азапты сынақ кезінде қорғаймын.3:10 (Дан 12:1; Мат 24:4-28; Мар 13:19; Жох 17:15; Сал2 2:1-12) Немесе: сынақ кезінен сақтаймын.
11 Мен жуырда келемін. «Жеңісіңнің тәжін»3:11 2:10. сенен ешкім тартып алмау үшін, өзіңде бар рухани игіліктерді берік ұста! 12 Жеңіп шыққан әркімді Мен Құдайымның киелі үйінің «бағанасы» қылып қадірлеймін; ол содан ешқашан шықпайтын болады. Сол жеңімпазға Құдайымның атын әрі Оның қаласының атын, яғни көктен, Оның қасынан түсетін жаңа Иерусалимнің атын, және Өзімнің жаңа атымды да жазамын. 13 Құлақтары барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!
Лаудікидегі қауымға арналған сәлемхат
14 Лаудікидегі3:14 (1:11) Ежелгі Фрүгия аймағының ең бай қаласы өзінің банктері, мата өндірісі және дәрігерлік орталығымен танымал еді. Қазіргі аты — Памуккале. қауымның періштесіне былай деп жаз:
Бұл — «Аумин»3:14 Демек, «Шынайы», «Адал». деп те аталатын Мәсіхтен хабар. Ол — шындықты жариялап, шейіт болған адал да шынайы Куәгер әрі Құдайдың жаратылысының Билеушісі.3:14 Немесе: Жаратылысының Бастауы (1:5; Қол 1:15-18; Қор2 1:20; Мат 11:27; 28:18).
15 Мен сенің істеріңді білемін: сен салқын да емессің, ыссы да емессің. Не ыссы, не салқын болсаң ғой, шіркін! 16 Алайда ыссы да емес, салқын да емес, жылымшы болғаның үшін сені аузымнан түкіріп тастамақпын!3:16 2:5; Ерм 14:19; Жох 15:6; Евр 10:38.
17 «Мен баймын, ауқаттымын, еш нәрсеге мұқтаж емеспін», — дейсің. Ал өзіңнің шынында сорлы бейшара, рухани жарлы, жалаңаш әрі соқыр екеніңді білмейсің! 18 Саған рухани баюың үшін отта балқытылып тазартылған «саф алтынды»3:18 Пет1 1:7. Менен сатып алуға кеңес беремін. Масқара жалаңаштығың көрінбес үшін Менен «аппақ киім» де алып, киін.3:18 3:4; 16:15; 19:8; Иш 61:10. Сондай-ақ, көре алуың үшін «көзге жағатын шипалы май» да сатып ал!
19 Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт! 20 Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады.
21 Өзімнің жеңімпаз болып, Әкеммен бірге Оның тағында отырғанымдай, Мен жеңіп шыққан әркімді де қасыма, тағымның үстіне отырғызамын.3:21 Сол заманғы тақтар жантайып отыруға ыңғайлы, кең төсек-орын сияқты болатын.22 Құлақтары барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!