Purificação
A purificação é um tema central na Bíblia. Deus nos chama a sermos limpos — não apenas externamente, mas no coração, na mente e em toda a conduta de vida.
Purificados pelo sangue de Cristo
O sangue de Jesus nos purifica de todo pecado. Sua morte na cruz é o sacrifício perfeito que nos torna limpos diante de Deus.
Ал егер Құдайға ұқсап нұрда тұрсақ, онда өзара байланыста боламыз және Оның рухани Ұлы Исаның төгілген қаны бізді барлық күнәларымыздан тазартады.
Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Олай болса, мәңгілік Киелі Рухқа кенелген, Өзін мүлдем кемшіліксіз құрбандық ретінде Құдайға ұсынған Мәсіхтің өз қаны рухани өлімге бастап әкететін қылықтардан ар-ұжданымызды одан бетер арылтып тазартпақ! Соның нәтижесінде біз мәңгі тірі Құдайға шынымен ғибадат ете аламыз.
Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр. Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.
Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Purificação interior
Deus cria em nós um coração puro. A purificação começa no interior — nos pensamentos, intenções e motivações do coração.
Ал мен Құдайдың киелі үйінің
Ішінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін,
Құдайдың рақымына мәңгі сенемін.
Менмен дұшпан қаралағанда Құдайға сенім арту
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің насихат жыры. Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)
Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!
Осы уәделердің бәрі де бізге берілгендіктен, сүйікті бауырластарым, тәніміз бен рухымызды арамдайтын барлық нәрселерден тазарып, Құдайды терең қастерлеп, толығымен Оған бағышталған қасиетті өмір сүрейік!
Сүйікті бауырларым, қазір Құдайдың рухани балаларымыз, ал келешекте кім болатынымыз әлі анық емес. Алайда Мәсіх қайтып келгенде Оған ұқсайтынымызды білеміз. Себебі сол кезде Оның шынымен қандай екенін көретін боламыз. Оған осындай үміт артқан әркім Мәсіхтің кіршіксіз таза болғанындай, өзі де күнәдан арылып, тазарады.
Lavados pela Palavra
A Palavra de Deus e o batismo nos purificam. Jesus disse: 'Vós já estais limpos pela palavra que vos tenho falado.'
Сол сияқты сендер де Менің өздеріңе айтқан сөздеріме сеніп, рухани таза болдыңдар.
Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды! Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды.
Енді нені тосып бөгеліп отырсың? Орныңнан тұрып, Иеміздің атын айтып сиынып, шомылдыру рәсімінен өтіп күнәларыңнан арыл!» — деді.
Бұл жайт қазіргі замандағы суға шомылдыру рәсімінің алдын ала берілген белгісі болды. Осы рәсім денеміздегі кірді жуып тазартуды емес, Құдайдан таза ар-ұждан сыйлауын өтінуді білдіреді. Осылай ол сендерді Иса Мәсіхтің өліп, қайта тірілуі арқылы күнәнің құлдығынан құтқарады.
Күнәларыңнан арылып, тазарыңдар! Көз алдымда жасап келген зұлым істеріңді тоқтатып, жамандық атаулыдан бас тартыңдар!
Ол тағы да былай деді: — Адамды арамдайтын — оның ішкі дүниесінен шыққандары! Себебі адамның ішкі дүниесінен, яғни оның жүрегінен, шығатындар мыналар: жаман ойлар, азғындық, неке адалдығын бұзу, кісі өлтіру, ұрлық, ашкөздік, зұлымдық, алдаушылық, жүгенсіздік, қызғаныш, жамандау, тәкаппарлық және ақымақтық.Осындай арамдықтардың бәрі адамның ішкі дүниесінен шығып, оның өзін арамдайды.
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.