Trabalho
O trabalho é uma ordenança divina desde a criação. Deus colocou o homem no jardim para cultivar e guardar, revelando que o labor é parte do propósito humano e um meio de glorificá-lo.
Trabalho como vocação divina
Deus nos criou para trabalhar com propósito. O trabalho é expressão da imagem divina em nós e deve ser feito como para o Senhor.
Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар!
Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар! Себебі осының ақысы ретінде сендер Иемізден Оның уәде еткен игіліктерін қабылдайтындарыңды білесіңдер. Қызмет ететін Қожайындарың — Мәсіхтің Өзі ғой.
Не айтып, не істесеңдер де, бәрін Иеміз Исаның атымен жасап, Иеміз арқылы Құдай Әкемізге шүкірлік етіңдер!
Сөйтіп қызметтеріңді адамға емес, Иемізге арнағандай ынтамен атқарыңдар.Мейлі басыбайлы, мейлі ерікті болсын, әркімнің істеген игі істерінің лайықты сыйын Иемізден алатынын біліп қойыңдар.
Басты қағида мынау: не ішіп-жесеңдер де, не істесеңдер де, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!
Сонымен, сүйікті бауырластарым, табанды болып, сенімдеріңнен айнымай, Иеміздің ісін әрдайым молынан істей беріңдер! Өйткені Иемізбен жүріп атқарған еңбектеріңнің бекер еместігін біліп алдыңдар.
Бәрін де сүйіспеншілікпен істеңдер!
Diligência e recompensa
A mão diligente enriquece, mas a preguiça traz pobreza. A Bíblia valoriza o esforço honesto, dedicado e perseverante em toda obra.
Жалқау қол жарлы қылар,
Іскер қол дәулетті қылар.
Еңбекқордың меншігі құндана түсер
Еңбекқор қол билікке жеткізер,
Жалқау қол құлдыққа түсірер.
Еңбекқордың меншігі құндана түсер
Еңбекқор қол билікке жеткізер,
Жалқау қол құлдыққа түсірер.
Әр бейнеттің зейнеті бар,
Бос сөзден тек жоқшылық шығар.
Жалқау неме, құмырсқадан үлгі ал,
Ісіне қарап оның, парасатқа ие бол!
Бастық, бақылаушы, билеушісі болмайды,
Бірақ жазда ол қысқы азығын дайындайды,
Орақ кезінде тамағын жинап сақтайды.
Жалқау неме, қашанғы ұйықтап жатасың,
Ұйқыңнан оянып, қашан тұрасың?
Біресе ұйықтап не мүлгіп отырасың,
Біресе қол қусырып жатып та аласың,
Кенеттен жүйріктей жоқшылық жетер,
Тонаушыдай мұқтаждық саған тап берер.
Жұмысына немқұрайды —
Ысырапшылдың ағайыны.
Ұйқышыл болма, тапшылыққа ұшырарсың,
Қырағы болғын, тамаққа тойынарсың.
Оңай олжа тез таусылар,
Еңбекпен жинаған байлығын молайтар.
Жаратқан Иені қастерлеу ғұмырды ұзартар
Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар,
Бұл байлыққа Ол қайғы-қасірет қоспас.
Planejamento e excelência
A excelência no trabalho honra a Deus. Devemos nos dedicar com competência, entregar nossos planos ao Senhor e buscar o melhor em cada tarefa.
Жаратушыға сеніп тапсыр бар ісіңді,
Сонда құрған жоспарың болар өнімді.
Жаратушыға сеніп тапсыр бар ісіңді,
Сонда құрған жоспарың болар өнімді.
Кездестірсең біреуді ісіне аса шебер,
Жай адамдарға емес, патшаларға қызмет етер.
Сен кінәратсыз жұмысшы — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші ретінде Оған ұнамды болуға жан сала ұмтыл!
Сен кінәратсыз жұмысшы — Құдайдың шынайы сөзін дұрыс үйретуші ретінде Оған ұнамды болуға жан сала ұмтыл!
Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.
Қандай істі қолға алсаң да, соны жан сала істе! Себебі о дүниеге аттанған соң, онда не жұмыс істеу, не ойлап жоспарлау, не білім мен ғылым деген атымен жоқ екен.
Бәрін де наразылықсыз, шүбәланбай істеңдер! Осылай қазіргі азғын да алдамшы ұрпақтың арасында еш кінәсіз таза, Құдайдың мінсіз рухани балалары болыңдар: қараңғы дүниеде жарық жұлдыздай жарқырап,
O contentamento no trabalho
Deus nos dá a capacidade de desfrutar do nosso trabalho. Poder comer, beber e encontrar satisfação em nosso labor é um dom divino.
Адам үшін шаттану мен жақсылық жасаудан артық ештеңенің жоқ екенін ұқтым. Осылай әрбір адам ішіп-жеп, еткен еңбегінен қанағат тапсын. Бұл да Құдайдың берген сыйы.
Оның үстіне, Құдай бір адамға байлық-дәулет сыйласа және оған соның пайдасын көріп, өз үлесін алып, істеген жұмысынан рақат табуды бұйырса, бұл да Құдайдың берген сыйы.
Құдай сондай адамға күнделікті өмірінде қуаныш сыйлайды. Сөйтіп оның өтіп жатқан өмірі туралы ойланып, уайымдауға уақыты да қалмайды.
«Біреу болғаннан екеу болған жақсы». Себебі бірігіп жұмыс істессе, содан көретін пайдалары игі болады.
Кей адам жалғыз басты, не баласы, не ағайыны жоқ болса да, қолда барын қанағат етпей, байлығын молайту үшін тынбай ауыр еңбек ете береді. Ал кейін ол өзінен: «Мен кім үшін ауыр еңбек етіп, өмірдің қызығынан ада қаламын?» — деп сұрайды. Бұл да бекершілік әрі жанға бататын жайт.
Сонымен қатар мен мына жайтқа көз жеткіздім: пенденің еңбек етіп жетістікке жетуінің барлығы да адамдар арасында көре алмаушылықты тудырады. Бұл да жел соңынан қуғандай бекершілік екен.
A responsabilidade cristã
O cristão deve trabalhar com suas próprias mãos, viver dignamente e ser exemplo de dedicação. Quem não trabalha, não coma.
Араларыңда жүргенде «Еңбек еткісі келмеген тамақ та ішіп-жемесін» деген қағиданы саналарыңа сіңірдік.
Ал енді кейбіреулеріңнің жүгенсіз жүргендіктерің туралы естідік. Олар жұмыс істемей, басқалардың мазасын алып, босқа сандалып жүр екен. Осындайларға біз тыныш еңбек етіп, өз нандарын өздері тауып жесін деп Иеміз Иса Мәсіхтің атынан бұйырып ескертеміз.
Бірқалыпты өмір сүруді құрметті іс деп біліңдер. Біз сендерге нұсқау бергендей, міндеттеріңді атқарып, өз қолдарыңмен еңбек етіп күндеріңді көріңдер. Сөйтіп қауымнан тыс адамдардың алдында әдепті жүріп, еш нәрседен мұқтаж болмаңдар.
Ұры болған енді ұрлық жасамасын, керісінше, адал еңбек етіп, тапқан табысынан мұқтаждарға үлестірсін.
Ал сендерді бүкіл игілікке молынан кенелтуге Құдайдың құдіреті жетеді! Сонда әрдайым, қандай жағдайда да қажеттеріңнің бәрімен қамтамасыз етіліп, әр қилы игі істерді молынан жасай аласыңдар.
Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар. Құдайдың жарату жұмысын тамамдаған соң тынығып демалғанындай, Оның дайындап қойған шынайы тыныштығына ие болған әркім де өз бетімен еңбектенуін доғарып, тынығады.
Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, ормайды да, өнімін қамбаға жинамайды да, бірақ көктегі Әкелерің оларды асырайды. Ал сендер құстардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?!
Егер жақсылық жасауға ынталы болсаңдар, кім сендерге нұқсан келтірмек?
Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: Мен жасаған кереметтер сияқтыларды Маған сенуші де істейді, тіпті одан да зорларын істейді, себебі Мен Әкеме барамын.
Бірақ мен өз жанымды ойламай, тиісті өмір жолыммен жүре отырып, Иеміз Исаның маған тапсырған ісін аяқтасам, Құдайдың рақымы туралы Ізгі хабарды уағыздап жеткізсем болғаны.
Еңбекпен қол жеткізгендеріңді жоғалтпай, Иемізден толық сыйларыңды алу үшін байқап жүріңдер!
Este artigo te tocou? Faça uma oração!
+581 estão orando agora.
Junte-se à corrente de oração.