4 Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды,
Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды,
5 Әдепсіз, өзімшіл, ашушаң да болмайды,
Ол көрген жәбірін есінде сақтамайды,
6 Әділетсіздікті еш құптамайды,
Қайта, ол ақиқатқа сүйсінеді,
7 Дәйім қорған болып, ұдайы сенеді,
Үмітін еш үзбей, бәріне шыдайды.
8 Сүйіспеншілік ешқашан сарқылмайды.
Құдайдың хабарын жеткізу тоқталар,
Бөтен тілдерде сөйлеу13:8 12:10,28; 13:1; 14:39. де сарқылар,
Білім дарыны да кейін доғарылар.