Pular para o conteúdo
Publicidade

Қорынттықт. 1-хат 15

45 Тауратта осылай деп жазылған: Алғашқы адам — Адам ата «осылай тірі жан болып шыға келді»,15:45 Жар 2:7. ал «Соңғы Адам» (Мәсіх) — мәңгілік өмір беретін Рух. 46 Алдымен рухани емес, тәндік дене болды, «рухани» дене кейінірек пайда болады. 47 Топырақтан жаратылған алғашқы адам бұ дүниеден, ал «Екінші Адам» (Мәсіх) көктен келді. 48 Бұ дүниелік адамдар топырақтан жаратылған Адам атаға ұқсас, ал көктен жаңа өмір алғандар көктен келген Мәсіхке ұқсас. 49 Демек, қазір біз топырақтан жаратылғанның кейпінде болғанымыздай, сол кезде көктен келген Мәсіхтің кейпіне ие боламыз.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também