Pular para o conteúdo
Publicidade

Қорынттықт. 1-хат 5

Қауым күнә жасайтындардан тазару керек

1 Араларыңда азғындық — тіпті басқа ұлттардың адамдары жасамайтын азғындық бар деген шүбәсіз хабар маған да жетті: араларыңдағы біреуің әкесінің жұбайымен5:1 Яки: өгей шешесімен. көңілдес екен. 2 Ал сендер көкіректеріңді көтересіңдер! Оның орнына қайғыланып, осындай қылықты жасағанды орталарыңнан шығарып тастағандарың дұрыс болар еді!5:2 5:5; Мат 18:17.

3 Тәнім алыста болғанмен, рухыммен орталарыңдамын. Сондықтан мен араларыңда жүргендей, осыны істеген күнәкарға үкім шығарып қойдым: 4 сендер Иеміз Иса Мәсіхтің атынан5:4 Яки: Иеміз Исаның еркіне бағынып. жиналыңдар, мен де рухыммен орталарыңда боламын. Сонда Иеміз Исаның билігімен 5 әлгі адамды ескі күнәкар болмысын әлсірету үшін қауымнан шығарып, шайтанның қолына тапсырыңдар.5:5 Тім1 1:20; Мат 18:17. Осылай ол теріс жолынан қайтып, жаны Иеміз қайта оралатын күні құтқарылсын.

6 Мақтанғандарың еш дұрыс емес. «Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады»5:6 Яки: «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді». (Бір мүшесінің күнә жасауы не жалған ілім таратуы бүтін қауымды арамдайды: Ғал 5:9.) дегенді білмейсіңдер ме? 7 «Ескі ашытқыдай» (күнә атаулыны) араларыңнан шығарып тастаңдар! Сонда «жаңа қамырдай» рухани таза боласыңдар.5:7 Құтқарылу мейрамының қарсаңында Исраил халқы үйлерін ашытқы атаулыдан тазартуға тиіс болатын (Мыс 12:3-8; 13:3-7; Түсіндірмедегі «Құтқарылу мейрамын» да қараңыз). Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін құрбан етті. Сол арқылы сендер жаңа, пәк таза адам болдыңдар.5:7 6:11; Қор2 5:17.8 Сондықтан да бұрынғы зұлым да сұрқия әдеттеріміздің «ескі ашытқысынан» арылып, қасиетті өмір кешіп, адалдық пен ақиқаттың «тәтті нанының» дәмін татып, тойлайық!

9 Өткендегі хатымда сендерге «Азғындармен араласпаңдар!» деп жазған болатынмын. 10 Онда мен осы дүниелік азғын, дүниеқоңыз, қарақшы немесе жалған тәңірлерге құлшылық етуші адамдарды ойлаған жоқпын. Әйтпесе бұ дүниеден түгелдей безіп кетуге тиіс болар едіңдер ғой. 11 Алайда өзін сенімдегі бауырласпын деп атағанмен, азғын, дүниеқоңыз, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, өсекші, маскүнем немесе алаяқ болып жүрген ешкіммен де араласпауларың керек. Мұндайлармен тіпті дастарқандас та болмаңдар.

12 Қауымнан сырт адамдарды соттау біздің шаруамыз ба? Неге ішіндегілердің күнәларын тергемейсіңдер? 13 Сыртта жүргендердің үкімін Құдай шығарады. Ал өздерің «зұлымдық жасайтынды араларыңнан аластатыңдар!»5:13 5:5,7; Заң 13:5; 17:7; 21:21; 22:21-22,24; Мат 18:17.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também