3 Күйеуі әйеліне, ал әйелі күйеуіне тиісті ықылас көрсетулері керек. 4 Себебі әйелдің денесі өзінің ғана емес, күйеуінің де билігінде; дәл солай күйеуінің денесі өзінің ғана емес, әйелінің де билігінде. 5 Егер біраз уақыт үздіксіз Құдайға сиынуға7:5 Немесе: біраз уақыт ораза ұстап Құдайға сиынуға. алдын ала келісіп алған болмасаңдар, бір-біріңнен бас тартпаңдар! Содан кейін тағы бірге болыңдар, әйтпесе өздеріңе ие бола алмай, әзәзіл шайтанның азғыруына ерулерің мүмкін.
Publicidade