41 Жігіт кетісімен Дәуіт тасаланып отырған алып тастың20:41 (20:19) Немесе: тас үйіндінің. оңтүстік жағынан шығып, Жонатанның алдында үш рет жерге дейін иіліп тағзым етті. Олар бір-бірін беттерінен сүйіп, егіле жылады. Дәуіттің жылауы ерекше болды.
42 Жонатан: «Аман-есен жүр! Екеуіміз Жаратқан Иенің атымен байласқан антымызды сенің де, менің де, кейінгі ұрпақтарымыздың да орындайтынына Оның Өзі кепіл болсын», — деп Дәуітпен қоштасты.
43 Содан Дәуіт кетіп қалды, ал Жонатан қалаға қайтты.