Құдайдың жұбатып, өлімнен құтқарғанына шүкірлік
3 Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы.1:3 Яки: Ол — қайырым көрсететін Әкеміз әрі жігерлендіру мен қолдаудың қайнар көзі (Пет1 1:3; Рим 15:5).4 Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз.