Құдайдың жұбатып, өлімнен құтқарғанына шүкірлік
3 Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдай мадақталсын! Құдай — қайырымды Әкеміз, жұбаныш пен жігер атаулының бастауы.1:3 Яки: Ол — қайырым көрсететін Әкеміз әрі жігерлендіру мен қолдаудың қайнар көзі (Пет1 1:3; Рим 15:5).4 Ол бізді барлық азаптарымызда жұбатып, жігерлендіреді. Осылай Құдайдың өзімізді жігерлендірген жұбанышымен біз де әр түрлі қайғы-қасірет шегіп жүргендерді жігерлендіре аламыз. 5 Өмірімізде Мәсіхтің жолындағы азаптарымыздың молая түскеніндей,1:5 Яки: Мәсіхтің азаптары өмірімізде ағыл-тегіл мол болғандай (Пет1 4:13; Қол 1:24). Ол арқылы көретін жұбанышымыз да ағыл-тегіл мол болады. 6 Азап шегуіміз сендердің жігерленіп, құтқарылуларыңа септігін тигізеді. Өйткені біз көрген жұбаныш өздеріңді де жігерлендіреді. Соның нәтижесінде сендер дәл біз сияқты азаптарды бастан кешкенде шыдамдылықпен төзе аласыңдар. 7 Өздерің жайындағы үмітіміз берік. Себебі азабымызды бөліскендеріңдей, біз қабылдайтын жұбанышты да бөлісетіндеріңді білеміз.