Уақытша азаптар және мәңгілік ұлылық
16 Сондықтан да еш мойымаймыз. Тәніміз тозып әлсірегенмен, жан дүниеміз4:16 Яки: Сыртқы болмысымыз тозып әлсірегенмен, ішкі болмысымыз (рухани өміріміз). күн сайын жаңара түсуде. 17 Уақытша көретін жеңіл азаптарымыз бізді өздерінен әлдеқайда зор, тіпті шексіз де мәңгілік ұлылыққа жеткізеді! 18 Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі.