4 Бұлар оған сенбейді, себебі осы күнәкар дүниенің «тәңірі» (әзәзіл шайтан) олардың ой-саналарын соқыр қылып қойған. Содан олар Мәсіхтің салтанатты ұлылығы туралы Ізгі хабардың нұрын көре алмайды. Ал Мәсіх Құдайдың қандай екенін айқын көрсетеді.4:4 Немесе: Мәсіх — (көзге көрінбейтін) Құдайдың кейпі (Евр 1:3; Қол 1:15; Жох 14:9).
5 Біз өзімізді емес, Мәсіх Исаны уағыздаймыз, Ол — Жаратқан Ие,4:5 Флп 2:9-11; Қол 1:16-17. ал біз Исаға бағышталып, сендерге қызмет етеміз. 6 Жаратылыстың басталуында қараңғылықтан нұрдың жарқырауын бұйырған Құдай жан дүниемізді де жарқыратып, бізді Иса Мәсіхтің бетінен көрінетін Өзінің салтанатты ұлылығын білуіміз арқылы нұрландырды.