Мәсіхпен тығыз байланыстағы «жаңа адамдар»
11 Сонымен Иемізді терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынуды ұдайы есімізде ұстаймыз. Сондай-ақ басқа адамдарды да осы шындыққа5:11 5:9-10; 5:20-21. сендіруге ұмтыламыз. Біз Құдай алдында әйгіліміз. Сендердің ар-ұждандарыңа да әйгіліміз деп үміттенеміз. 12 Тағы да өзімізді алдарыңда мақтайтын ойымыз жоқ.5:12 Яки: өзімізді мақтап сендерге ұсынатын ойымыз жоқ (3:1; 10:18). Қайта, сендердің бізді мақтан тұта алуларыңның себебін айтып тұрмыз. Сонда сендер адамды ішкі дүниесіне емес, сырт көрінісіне ғана қарап мадақтайтын кісілерге5:12 11:12-13; Ғал 6:12-14. жауап бере аласыңдар. 13 Біз «есімізден адасқан» болсақ,5:13 (Елш 26:24-29; Қор1 4:9-10; Мар 3:21) Көп азап шексе де, Мәсіх жайлы уағыздарын қоймағандары үшін елшілер «нақұрыс тақуалар» деп өсектелетін. Құдайға бағышталғанымыз үшін солай болып көрінгені. Ал іс жүзінде есіміздің дұрыс екендігі сендерге тиімді.
14 Мәсіхтің сүйіспеншілігі бізді алға басуға мәжбүр етеді. Себебі мынадай қорытындыға келдік: бір Адам бәрі үшін өлгендіктен барлығы да рухани өлді.5:14 Яғни бір Адам бәрі үшін өлгенде Оған сенушілердің барлығына да өлім жазасы жүзеге асты (5:15; Рим 6:6-7; Ғал 2:20; Қол 3:3).15 Мәсіхтің бәрі үшін өлгендігінің мақсаты мынау: жаңа өмірге ие болғандар енді тек өздері үшін ғана тіршілік етпесін, қайта, Мәсіхке бағышталып өмір сүрсін! Ол солардың игілігіне бола жанын құрбан етіп, өлімнен қайта тірілді ғой.
16 Ендеше ешкімге адам тұрғысынан қарамаймыз. Бұрын біз Мәсіхке солай қарағанмен, қазір олай етпейміз. 17 Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!5:17 Немесе: Ескі тіршілігі (яки өмір салты) ғайып болып, енді бәрі де жаңа (5:14-16; Жох 3:5; Тит 3:5; Рим 6:4-14; Еф 4:22-24).
Адамдарды Құдаймен татуластыру қызметі
18 Осының бәрі де Құдайдың ісі. Ол бізді Мәсіх арқылы Өзімен татуластырып, бізге басқаларды Өзімен татуластыру қызметін аманаттады. 19 Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай, татуласу туралы Ізгі хабарды жариялауды бізге тапсырды. 20 Осылайша Мәсіхтің өкілдеріміз, біз арқылы Құдайдың Өзі адамдарға ескертеді. Мәсіхтің атынан: «Құдаймен татуласыңдар!» — деп өтінеміз. 21 Тәңір Ие біздің күнәларымызды ешқашан күнә жасамаған Мәсіхке артты. Онымен тығыз байланысқан біз осы арқылы Құдайдың алдында ақталдық.5:21 Яки: Құдайдың алдында әділ болдық.