Адамдарды Құдаймен татуластыру қызметі
18 Осының бәрі де Құдайдың ісі. Ол бізді Мәсіх арқылы Өзімен татуластырып, бізге басқаларды Өзімен татуластыру қызметін аманаттады. 19 Құдай адамзатты Мәсіхтің арқасында Өзімен татуластырды, енді олардың күнәларын мойындарына артпай, татуласу туралы Ізгі хабарды жариялауды бізге тапсырды. 20 Осылайша Мәсіхтің өкілдеріміз, біз арқылы Құдайдың Өзі адамдарға ескертеді. Мәсіхтің атынан: «Құдаймен татуласыңдар!» — деп өтінеміз.