10 Себебі Құдайдың еркімен болған қайғы-қасірет адамның Оған бет бұрып, құтқарылуына түрткі болады. Ол кейін соған өкінбейді де. Ал күнәкар дүниелік қайғы-қасіреттің нәтижесі — рухани өлім.7:10 Яғни Тәңір Иеге мойынсұнбайтындар кейде күнәларына опық жесе де, теріс жолдарынан шынымен қайтпай, Құдайдан мәңгі ажырайды (Евр 12:17; Жар 27:34-38,41; Мат 27:1-10).
11 Құдайдың еркімен болған қайғыларыңнан өздеріңде не туындағанын қараңдаршы: қандай ынта-жігер, күнәдан арылуға деген неткен ұмтылыс, болған жайтқа не қылған наразылық пен абыржу, неткен сағыныш, бәрін түзетуге деген соншама құлшыныс, қандай әділ жаза! Осының бәрімен сендер бұл істе7:11 Яки: бұл мәселеде (2:5-6). кінәратсыз таза екендіктеріңді дәлелдедіңдер.