21 Патша халықпен кеңесіп алып, әскердің алдында жүретін әншілерді тағайындаған еді. Арнайы салтанатты киім киіп алған олар Жаратқан Иеге ән-жырмен мақтау айтып жүрді: «Мадақтаңдар Жаратқан Иемізді, мәңгіге ұласады Оның мейірімі!»20:21 Жыр 105:1; Шеж1 16:34,41.
22 Олар қуанышты да лепті үнмен ән-жыр айтып, мадақтай бастаған сәтте Жаратқан Ие Яһуда еліне қарсы Аммон мен Моаб елдерінен және Сейір тауынан аттанып келген жауынгерлерге тұтқиылдан тап беріп, олардың өз араларында келіспеушілік туғызды. Содан олар талқандалды.