17 Алайда сендер, сүйікті бауырластарым, бұны алдын ала біліп, сақ болыңдар: ұяты жоқ, тура жолдан адасқан адамдарға ілесіп, берік негіздеріңнен айырылып қалып жүрмеңдер! 18 Қайта, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымына кенеліп, Оны жақынырақ танып білуде өсе беріңдер!
Оның ұлылығы қазір де, мәңгілікте де даңқтала берсін!3:18 Яки: Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх қазір де, қиямет күні де салтанатты ұлылыққа, даңқ пен құрметке ие болады! Аумин.