Дәуіттің бүкіл Исраилге патшалық құруы
1 Кейінірек Исраилдің барлық руларының өкілдері Хеброндағы Дәуіттің қасына келіп, оған былай деді: «Сөзімізге құлақ сала көріңіз: сіздің ет жақын туыстарыңызбыз. 2 Біраз уақыт бұрын, Саул патшалық құрған кезде бүкіл Исраилді жорыққа бастап жүрген өзіңіз болатынсыз! Жаратқан Ие де сізге: «Менің халқым Исраилді бағатын әрі Исраил еліне басшылық ететін сен боласың» деп айтқан».5:2 Пат1 13:14; 18:5,13,16; 25:30.
3 Осылай Исраилдің күллі рубасылары Дәуіт патшаға келіп, ол солармен Хебронда Жаратқан Иенің алдында келісім жасады. Олар Дәуітке май жағу рәсімін орындап, оны Исраилдің патшасы етіп бекітті.