Pular para o conteúdo
Publicidade

Патшалықтар 2-ж. 6

12 Сонда Дәуіт патшаға: «Құдайдың сандығының арқасында Жаратқан Ие Ғабит-Едом мен оның барлық иелігіне ақ батасын қондырды!» — деген хабар жетті. Содан Дәуіт барып, Құдайдың сандығын салтанатпен қуана-қуана өзінің шаһарына алып келді.

13 Жаратқан Иенің Келісім сандығын алып жүрушілер алты қадам жасаған сайын, Дәуіт бір жас бұқа мен бір семіз тоқтыны6:13 Немесе: бордақыланған баспақты. құрбандыққа шалғызып отырды. 14 Ақ бәтестен тігілген көйлек6:14 Діни қызметкерлер және леуілік көмекшілері Жаратқан Иеге қызмет еткенде осындай киім киетін (Пат1 2:18; 22:18). киіп алған өзі Жаратқан Иенің алдында жан сала би билеп жүрді. 15 Осылайша Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы қуанышпен айқай сала, кернейлетіп Жаратқан Иенің сандығын Иерусалимге алып келе жатты.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também