Тімотенің елшілерге қосылуы әрі Киелі Рухтың оларға бағыт көрсетуі
1 Осылай Пауыл Дербе мен Лүстраға да барды. Сол жерде Тімоте16:1 Осы есімнің мағынасы: «Құдайды қастерлеуші» (Тім2 1:2,5-6; 3:15; Флп 2:19-22; сол кезде Тімоте әлі де жас жігіт еді: Тім1 4:12). есімді Мәсіхтің жолын қуушы шәкірті бар еді. Оның шешесі Мәсіхке сенетін яһуди әйел, ал әкесі грек болатын. 3 Пауыл оны сапарға бірге алып шыққысы келгендіктен, алдымен сүндетке отырғызды. Мұны сол өңірдегі яһудилер үшін жасады, өйткені олар Тімотенің әкесінің грек екенін білетін.16:3 Яһудилерге Ізгі хабарды сүндеттелмеген біреу жеткізсе, олар оны қабылдамас еді.