Pular para o conteúdo
Publicidade

Елшіл. істері 3

Елші Петірдің сал қайыршыны кереметпен сауықтыруы

1 Осы күндердің бірінде Петір мен Жохан күндізгі сағат үште,3:1 Немесе: тоғызыншы сағатта (Мар 15:34). яғни Құдайға сиынатын мезгілде, ғибадатханаға өрлеп бара жатты. 2 Кісілер тумысынан сал болып келген бір ер адамды күн сайын ғибадатхананың «Көрікті қақпасының» қасына көтеріп алып келіп, отырғызып қоятын. Сол жерде ол ғибадатхана ауласына енгендерден қайыр сұрайтын. 3 Кіріп келе жатқан Петір мен Жоханды көргенде, әлгі сал адам олардан қайыр сұрады. 4 Бұлар оған көз салып, Петір: «Бізге қара!» — деді. 5 Сал адам екеуіне қадала қарап, бір нәрсе берер деп үміттеніп қалды. 6 Бірақ Петір: «Менде күміс пен алтын жоқ. Дегенмен саған барымды беремін: назареттік Исаның атынан3:6 Демек: Исаның еркіне бағынып әрі Оның құдіретіне сүйеніп. айтамын: орныңнан тұрып, жүріп кет!» — деді де, 7 оны оң қолынан ұстап демеді. Сол сәтте-ақ оның аяғы мен тізесіне күш бітіп, 8 ол ұшып тұрып, жүріп кетті. Содан әлгі адам екі елшімен бірге ғибадатхана ауласына кіріп, әрі-бері жүріп, секіріп, Құдайды мадақтаумен болды. 9 Күллі жұрт оның жүріп кеткенін және Құдайды мадақтағанын көрді. 10 Олар бұның ғибадатхананың «Көрікті қақпасының» жанында отырып, қайыр сұрайтын сал кісі екенін танып, онымен болған оқиғаға таңғалып, қатты абыржыды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também