36 Жолда осылай келе жатып, олар бір суға тап болды. Уәзір сонда:
— Мынау су ғой, менің шомылдыру рәсімінен өтуіме болмай ма? — деп өтінді. 37 (Філіп:
— Шын жүректен сенсеңіз, болады, — деп жауап берді. Бұған ол:
— Мен Исаның Құдайдың рухани Ұлы8:37 3:13,26; 4:27; 9:20; Лұқ 1:35. екеніне сенемін, — деді.) 38 Уәзір күймені тоқтатуға бұйырды. Екеуі суға түсіп, Філіп уәзірді суға шомылдыру рәсімінен өткізді.