2 Күресімнің мақсаты — сендердің жүректеріңнің жігерленіп, сүйіспеншілікпен рухани бірлесулерің, сөйтіп Құдай Әкеміздің Мәсіх туралы құпия хабары жөнінде терең де бай түсінік алып, оны түгел тануларың. 3 Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы жатыр.2:3 Демек, тек Мәсіхке сеніп, Одан тәлім алу арқылы ғана адамдар Құдайдың даналығы мен білімін тани алады (1:9,19; Қор1 1:24,30; 2:7-8).
Publicidade