28 Сонда Набуходоносор дауыстап былай деді:
— Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдай мадақталсын! Ол періштесін3:28 Яки: хабаршысын, өкілін (2:25). жіберіп, Өзінің қызметшілерін құтқарып алып қалды. Олар өздері сиынған Құдайға толық сенім артып, өзге тәңірге ғибадат етіп табынудан бас тартты, әрі патшаның бұйрығына бағынбай, тіпті өмірлерін қиюға да дайын болды! 29 Сол себепті менің жарлығым мынадай: Егер кез келген халықтың, ұлттың не тілдің адамдары Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдайға тіл тигізетін болса, олар шабылып өлтіріліп, үйлері жермен-жексен етілсін! Себебі басқа ешбір тәңір осылай құтқара алмайды!