Pular para o conteúdo
Publicidade

Даниял 9

24 Сендердің әділетсіз істеріңді тоқтатып, күнә жасауларыңды қойдырып, өздеріңді зұлымдықтың арамдығынан тазарту үшін, әрі мәңгілік әділдікті әкеліп, аяндар мен пайғамбарлық сөздерді бекітіп, киелі үйдегі ең қасиетті бөлімді қайтадан Құдайға бағыштау үшін9:24 Немесе: аяндар мен пайғамбарлық сөздерді (мөрлеп) бекітіп, ең киелі Кісіге (Құдай жіберген Құтқарушы Мәсіхке) май жағу рәсімін орындап, қызметіне тағайындап кірістіру үшін. сенің халқыңа және Құдайға бағышталған Иерусалим қаласына жетпіс рет «жеті кезең» белгіленген.9:24 Осы аяндағы «жеті кезеңнің» мағынасы астарлы. Оның жеті жылды немесе тұтас бір дәуірді білдіруі ықтимал. Түсіндірмедегі «Сандардың астарлы мағынасын» қараңыз.25 Сондықтан мынаны ұғып, біліп ал: Иерусалим қайтадан салынсын деген жарлық шыққан кезден бастап, Құдай тағайындаған Билеуші9:25 Немесе: Құдай тағайындаған Патша (Мәсіх: 9:26-да солай). келетін уақытқа дейін жеті рет «жеті кезең» және алпыс екі рет «жеті кезең» өтеді. Қала өзінің алаңы, айналасындағы қамалымен бірге қайтадан салынады, бірақ бұл қиын-қыстау кезеңде болады.

26 Алпыс екі рет «жеті кезең» өткен соң Құдай тағайындаған Билеуші құрбан етіледі,9:26 Яки: Билеуші (Жаңа Келісімді бекіту үшін) құрбан етіледі. (Ежелде келісім жасағанда ол құрбандық шалумен бекітілетін: Жар 15:9-10,18; Мыс 24:5-8.) Оның қолында түк жоқ болып қалады.9:26 Немесе: Билеуші құрбан етіледі, алайда Оның ешбір күнәсі болған емес (Иш 53:8-9). Өзге бір билеуші әскерлерімен келіп, қаланы да, киелі үйді де қиратып, топан судай талқандайтын болады. Сол заманның соңына дейін соғыс болып, Құдайдың бұйрығына сай барлығы қаңырап бос қалады. 27 Билеуші бір «жеті кезеңге» халықтың көпшілігімен келісім жасап бекітеді. Сол бір «жеті кезеңнің» ортасында ол Құдай Тағалаға арнап құрбандық пен сый-тарту ұсынуды тоқтатады әрі ғибадатхананың бір бөлігінде қаңырап бос қалдыратын жиренішті бір нәрсені9:27 Сол нәрсенің бір жалған тәңірдің бейнесі немесе оған құрбандық ұсынылатын үстел болуы ықтимал. орнатқызады. Зұлым билеушіге белгіленген қаһарлы жаза оның басына төгілгенше осы жиренішті нәрсе сол жерде тұра беретін болады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também