24 Бұл нұсқауды өздеріңе және келешек ұрпақтарыңа арналған ереже ретінде мәңгі берік сақтаңдар! 25 Жаратқан Ие сендерге табыстаймын деп уәде еткен елге кіргеннен кейін де осы рәсімді ұстануларың керек. 26 Балаларың: «Бұл не қылған рәсім?» деп сұраса, 27 оларға былай деңдер: «Бұл — Жаратқан Иеге арналған Құтқарылу мейрамының құрбандығы. Жаратқан Ие мысырлықтарды қырғынға ұшыратқан кезде исраилдіктердің үйлеріне соқпай өтіп кетіп, бізді өлімнен аман алып қалды».12:27 Яки: Бұл — Жаратқан Иеге арналған «өтіп кету құрбандығы». Жаратқан Ие ... үйлерімізге соқпай өтіп кетіп, бізді өлімнен аман қалдырды (12:11).
Мұны естіген халық Тәңір Иеге иіліп ғибадат етті.