11 Мұны бір нәрсе қажет болғандықтан айтып тұрған жоқпын. Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім. 12 Жоқшылықта да, молшылықта да өмір сүре аламын. Мен не тоя тамақ жейін, не аш жүрейін, молшылықта немесе мұқтаждықта болайын, қай жағдайда да қанағат етудің құпиясымен жақсы танысып алдым. 13 Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.4:13 Немесе: Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен тығыз байланыста тұрып (Оған ұнамдының) бәрін де істей аламын (Қор2 12:9-10; Қол 1:11; Жох 15:5).
Publicidade