19 Ескі күнәкар болмысымыздан туындайтын қылықтар белгілі, бұлар: неке адалдығын бұзу, азғындық және ұстамсыздық;5:19 (Қор1 6:9,18; Қор2 12:21; Еф 5:3; Сал1 4:3) Яки: жеңіл-жүріс, арамдық және жүгенсіздік.20 жалған тәңірлерге табынушылық пен сиқыршылық; қаскөйлік, ұрыс-керіс, қызғаныш, ашу-ыза, жеке бастың абыройын ойлау, алауыздық туғызу, жік салу, 21 күншілдік, кісі өлтіру, маскүнемдік, жүгенсіздік және сол сияқтылар. Бұлар жайлы сендерге былай деп ескертемін, бұрын да ескерткенмін: мұндаймен айналысатындарға Құдайдың Патшалығында орын жоқ.5:21 Яки: мұндаймен айналысатындар Құдай өз Патшалығын жер бетінде орнатқанда содан үлестерін алмайды (6:8; Аян 22:15).
Publicidade