18 Содан кейін Құдай Ие: «Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас. Мен оған өзіне сай көмекші2:18 Яки: қолдаушы (2:20,24; Нқл 18:22; 31:10-12,28-31). жасап берейін», — деді.
19 Құдай Ие даладағы барлық жануарларды және аспандағы күллі құстарды топырақтан қалыптастырып жасаған еді. Енді адамның оларды қалай атайтынын білу үшін бәрін оған алып келді. Адам қандай ат қойса, олар солай аталатын болды. 20 Сонымен адам малдар мен аңдардың және аспандағы құстардың барлық түрлеріне де өз аттарын берді.
Ал адамға2:20 Яки: Ал Адамға (яғни Адам атаға: 5:1). өзіне сай көмекші табылмады. 21 Сонда Құдай Ие адамды терең ұйқыға батырып, ұйықтап жатқанда оның бір қабырғасын2:21 Немесе: бір бүйірін. алып, соның орнын етімен жауып тастады. 22 Құдай Ие осы қабырғадан әйел жасап шығарып, оны адамға алып келді.
23 Риза болған адам былай деді:
«Міне, бұл — сүйек, өз сүйегімнен шыққан,
Әрі тән, өз тәнімнен шыққан!
Ол әйел2:23 Түпнұсқадағы иша («әйел») деген сөз иш («еркек») сөзіне ұқсас айтылады. деп аталатын болсын,
Себебі ол еркектен алынып жасалған».
24 Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне берік қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады.2:24 Яки: әйелінен ажырамастай берік ұстанады (жабысады), сөйтіп екеуі «бір тән» (бір жаңа бірлік) болады.