Мәсіх Исаның үлгісін және Құдайдың игілікті тәрбиесін қабылдау
1 Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр.12:1 Немесе: Осылайша Құдайдың адалдығына куә болған, бізді бұлт секілді қоршап тұрған сенушілердің үлкен тобы бар. (Осындағы астарлы сөз үлкен стадиондағы жанкүйер көрермендерді еске түсіреді.) (Қор1 9:24-27) Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық!