Pular para o conteúdo
Publicidade

Еврейлерге хат 12

5 Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма:

«Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде

Онысын ешқашан менсінбей жүрме,

Ол сені жөнге келтіргенде,

Лайым еңсең түсіп жүнжіме!

6 Иеміз Өзі сүйетін әркімді

Түзетеді әрі тәрбиелейді,

Бауырына басқан әр баласын да

Жазалайды қажет болғанда».12:6 Нқл 3:11-12.

7 Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? 8 Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың.12:8 Немесе: онда әке тәрбиесінен ада некесіз туған баладай болар едіңдер.9 Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер мойынсұнуымыз керек емес пе? 10 Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді12:10 (Леу 11:44-45; 19:2; Пет1 1:15; Пет2 1:4; Еф 4:24; 5:26-27) Яки: Өзінің қасиетті болмысын бөлісуімізді. көздейді. 11 Кезінде әрбір жаза қуаныш емес, реніш туғызады. Ал соны басынан өткізіп тәрбиеленгенге ол кейінірек әділдік пен тыныштықтың игілікті жемісін береді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também