Pular para o conteúdo
Publicidade

Еврейлерге хат 12

5 Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма:

«Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде

Онысын ешқашан менсінбей жүрме,

Ол сені жөнге келтіргенде,

Лайым еңсең түсіп жүнжіме!

6 Иеміз Өзі сүйетін әркімді

Түзетеді әрі тәрбиелейді,

Бауырына басқан әр баласын да

Жазалайды қажет болғанда».12:6 Нқл 3:11-12.

7 Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? 8 Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың.12:8 Немесе: онда әке тәрбиесінен ада некесіз туған баладай болар едіңдер.9 Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер мойынсұнуымыз керек емес пе?

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também