Мәсіхтің Жаңа Келісімді бекітіп төгілген қаны
11 Енді міне, Бас діни қызметкеріміз Мәсіх бізге соншама рухани игіліктер алып келді! Сонда Ол жер бетіндегі ғибадат орнынан гөрі әлдеқайда ұлы да кемелді көктегі киелі үйге кірді. Бұл адам қолынан шыққан, осы жаратылыстың бір бөлігі емес.
15 Сол себептен де Мәсіх Жаңа Келісімнің негізін салушы!9:15 (8:6; 10:19-22; 12:24) Яки: Жаңа Келісімге жол салған. Ол адамдардың Көне Келісімнің тұсында жасаған күнәларының құнын төлеп оларды азат ету үшін өз жанын өлімге қиды. Сондықтан енді Құдай шақырғандар Оның уәде еткен мәңгілік жарылқауына9:15 Немесе: мәңгілік мұраға, Құдайдың қасындағы мәңгілік өмірге (10:36-39; Елш 20:32). ие болады.