Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 10

Қайырымды самариялық туралы астарлы сөз

25 Сол кезде Таурат заңын үйретуші бір ғұлама10:25 Яғни Таураттағы діни заңдарды халыққа түсіндіріп, олардың орындалуын қадағалаушы адам. Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болды. Ол орнынан тұрып:

— Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек? — деп сұрағанда, 26 Иса оған:

— Таурат заңында не деп жазылған, не оқып жүрсің? — деген сауал қойды. 27 Сол адам былай деп жауап берді:

— «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» Және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»10:27 (Заң 6:5; Леу 19:18) Яки: «Өзіңді қалай сүйсең, басқаларды (яғни өмір жолыңда Құдай өзіңе кездестірген жандарды) да солай сүй!» делінген.

28 Иса оған:

— Дұрыс жауап бердің. Осылай істейтін бол, сонда (мәңгі) өмір сүресің,10:28 Әрине, өз күшімен адам осылай істей алмайды. Исаның мұндағы мақсаты осы адамның соны ұғып, тәубеге келуі болған болса керек (Рим 7:18-19,23-25; Жох1 1:8-9). — деді. 29 Бірақ өзін ақтағысы келген ғұлама Исадан:

— Сонда «маңайымдағы адам» кім болғаны? — деп сұрады. 30 Иса оған былай жауап берді:

— Бір адам Иерусалимнен Иерихон қаласына кетіп бара жатып, қарақшылардың қолына түсіпті. Қарақшылар оның киімдерін сыпырып алып, өзін жарақаттап, шала-жансар етіп тастап кетіпті. 31 Бір діни қызметкер сол жолмен кездейсоқ келе жатып, оны көре тұра қасынан өтіп кетеді. 32 Дәл солай жаңағы жерге келген ғибадатхана қызметшісі10:32 Яки: леуілік көмекші (Жох 1:19; Түсіндірмені де қараңыз). де оған қарап, қасынан өтіп кетеді.

33 Содан кейін бұл жерге жолаушылап бара жатқан бір самариялық10:33 Діндар яһудилер самариялықтарды менсінбей, олармен қарым-қатынас жасамайтын (9:52). келеді. Әлгі адамды көргенде оған жаны ашып, 34 қасына барады да, жараларын маймен және шараппен жуып-шайып, таңады. Оны есегіне мінгізіп алып, қонақүйге апарып, күтеді. 35 Самариялық адам ертеңінде жолға шығарда, қонақүйдің иесіне екі күміс теңге беріп: «Мына кісіге қамқорлық жасай гөр. Егер артық шығын шығарсаң, мен қайтып оралған кезде төлеймін», — дейді.

36 Ал енді, қарақшылардың қолына түскен кісіге бұл үшеуінің қайсысы «маңайындағы адам» болды деп ойлайсың? — деп Иса сол ғұламаға сұрақ қойды. Ол:

37 — Әрине, оған қайырымдылық көрсеткені, — деді. Сонда Иса оған:

— Сен де солай істейтін бол! — деп тапсырды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também