Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 18

Құдайдан үміт үзбей сұрай беріңдер!

1 Иса шәкірттеріне әрқашан үмітін үзбей Құдайдан сұрай берудің керектігін де астарлы әңгімемен түсіндіріп 2 былай деді:

— Бір қалада Құдайдан қорықпайтын, адамнан да ұялмайтын би болыпты. 3 Сол қалада бір жесір әйел де тұрады екен. Әйел биге қайта-қайта келіп: «Мені дауласқан кісімнен қорғай көріңіз!» — деп өтініп сұрай береді екен.

4 Бірақ би жесірді көп уақыт бойы қорғағысы келмейді. Ақырында ол ішінен: «Құдайдан қорықпаймын, адамнан да ұялмаймын. 5 Алайда мына жесір маған тыныштық бермегендіктен, оның мүддесін қорғайын. Әйтпесе ол қайта-қайта келіп, мазамды ала берер» деп ойлайды.

6 Содан кейін Иеміз Иса былай деді: «Сендер әділетсіз бидің не айтқанын естідіңдер ғой. 7 Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? 8 Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?»

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também