Зағип кісінің сенімі
35 Иса Иерихон қаласына жақындап қалғанда, жол жиегінде бір соқыр адам қайыр сұрап отырған еді.18:35 Ескерту: Сол заманда екі Иерихон қаласы: Көне және Жаңа Иерихон бір-біріне жақын орналасқан еді. Жол жиегінде қайыр сұраған екі соқырдың біреуінің аты Бартімей шәкірттердің естерінде қалған (Мат 20:29-30; Мар 10:46).36 Ол қасынан көп кісілердің өтіп бара жатқанын естіп:
— Бұл не? — деп сұрады. 37 Жұрт оған:
— Назареттік Иса келе жатыр! — деді. 38 Сонда әлгі соқыр:
— Дәуіттің Ұрпағы Иса! Маған рақым ете көріңіз! — деп айқайлады. 39 Алда келе жатқандар оған ұрсып, үндемеуге бұйырды. Бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы! Маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды.
40 Иса тоқтай қалып, оны қасына алып келуге бұйырды. Соқыр адам жақындап келген соң, Иса одан:
41 — Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Ол:
— Тақсыр, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді. 42 Иса оған:
— Көзің көретін болсын! Сен сенімің арқылы құтқарылдың,18:42 Мар 5:34; 10:52; Евр 11:1,33. — деді.
43 Сол сәтте-ақ соқыр адамның көзі ашылып, көретін болды! Ол Құдайға зор ризашылығын білдіріп Исаға еріп жүрді. Мұны көрген халықтың бәрі Құдайды дәріптеп мадақтады.