Pular para o conteúdo
Publicidade

Лұқа 7

31 Иеміз Иса тағы былай деді:

— Ендеше қазіргі ұрпақтың адамдарын кімге ұқсатайын, олар кімге ұқсас? 32 Олар тентек балаларға ұқсайды. Солар далада отырып, бір-біріне айқайласып:

«Сендер үшін сыбызғы тартсақ та, би билемедіңдер,

Сосын жоқтау айтсақ та, жылап еңіремедіңдер!»

— деп шағымданады. 33 Өйткені шомылдыру рәсімін жасаған Жақия пайғамбар келгенде, кәдімгі тамақтарды ішіп-жемеді.7:33 1:15; Мар 1:6; Мат 11:18. Сендер оны «жынды» дейсіңдер. 34 Ал Мен, көктен келген Билеуші, кәдімгі тамақтарды ішіп-жеймін. Сонда сендер: «Мынау тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді және салықшылармен, күнәкарлармен дос болып жүр!» деп жамандайсыңдар.7:34 5:29-30; Мат 11:19.35 Алайда даналықтың игілігі оны қабылдағандардың ізгі істерімен дәлелденеді,7:35 (7:29; Мат 11:19) Немесе: Алайда Құдайдың даналығын оның барлық балалары (яки оны қабылдағандардың бәрі) дұрыс деп табады. — деді.

Парызшыл адам және күнәға батқан әйел

36 Бірде парызшылдар тобының бір мүшесі Исаны тамаққа шақырды. Иса парызшылдың үйіне келіп, дастарқан басына жайғасты. 37 Қалада тұратын бір күнәкар әйел Исаның парызшылдың үйінде дастарқан басында отырғанын естіп қалды. Сонда ол иісмайға толған мөлдір тас7:37 Немесе: алебастр. (Ақ немесе түссіз мөлдір келетін гипс тәрізді зат.) құтысын алып, әлгі үйге келді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também