Pular para o conteúdo
Publicidade

Марқа 11

Құдайға сеніммен, таза жүрекпен сиынудың зор күші

20 Ертеңіне інжір ағашының жанынан өткенде, олар сол ағаштың тамырына дейін қурап қалғанын көрді.11:20 11:13-14; Иш 5:4-5; Мат 21:19; Лұқ 3:9; 13:6-9; Жох 15:6.21 Осы оқиға есіне түскен Петір Исаға:

— Ұстаз, қараңызшы, Өзіңіз қарғаған інжір ағашы қурап қалыпты! — деді. 22 Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді:

23 — Құдайға сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» деп, айтқан сөзінің іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол өтініші орындалады. 24 Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайға сиынып (Оның еркіне сай) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ.11:24 Жох 15:7,16; 16:23-24; Рим 8:32.

25 Ал сиынып тұрған кездеріңде біреуге өкпелерің болса, оны кешіріңдер! Сонда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешіреді.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também