28 Сендерге маңызды шындықты айтайын: адам баласының жасаған барлық күнәлары мен Құдайды қорлауларының қайсысына да кешірім беруге болады. 29 Бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлайтынға ешқашан кешірім болмайды, сол күнәсі оның мойнында мәңгі қалады.3:29 Адам Киелі Рухтың әсеріне қарсы тұрып, Оның ізгілікті істерін шайтаннан деп жамандауын қоймаса, жүрегі қасарысады. Содан оның кейін өкініп, Құдайдың кешірімін қабылдай алмауы да мүмкін (Мат 12:31-32; Жох 15:22-25; 16:8-10; Евр 6:4-9).
Publicidade