17 Енді бізге айтыңызшы, қалай ойлайсыз, Рим патшасына алым-салық төлеуіміз дұрыс па, әлде бұрыс па?22:17 Немесе: Цезарьға алым-салық төлеуіміз (Құдай бұйырған Таурат заңы бойынша) рұқсат етілген бе, жоқ па? (Көптеген яһудилер өз елдерін жалған тәңірлерге табынатын римдіктердің басқарып, салық төлеуді талап еткеніне қатты наразы еді. Сондықтан басшылар осы саяси тұрғыдан айрықша маңызды қитұрқы сұрақ арқылы Исаны өз сөзінен сүріндіруге тырысты: Лұқ 20:20; 23:2.) — 18 Олардың арам ойларын білген Иса:
— Екі жүзділер, Мені азғырып сынамақсыңдар, ә? 19 Маған салыққа төлейтін бір күміс теңгені көрсетіңдерші! — деді. Олар Оған бір күміс теңге әкеліп берді. 20 Иса:
— Мына сурет пен жазу кімдікі? — деп сұрады. 21 Олар:
— Рим патшасынікі, — деп жауап берді. Сонда Иса:
— Олай болса, патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер! — деп тұжырымдады.