37 Нұх пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келетін кезімде де солай болады: 38 топан судан бұрын, Нұх кемеге мінген күнге дейін адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, әйел алып, қыздарын ұзатып өмір сүруде еді. 39 Топан су басып, бәрін алып кетіп, қырып салғанша, олар ештеңені ұқпады.24:39 Жар 6:1-5; 7:6-23. Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде де осылай болады! 40 Сол сәтте періштелер егіндікте жүрген екі адамның біреуін қабыл алып, екіншісін қалдырып кетеді.24:40 24:30-31; 25:10.41 Олар бірге қол диірмен тартып отырған екі әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді.
Publicidade