Таудағы уағыздың соңы: Берік негіз бен осал негіз
24 Осы айтқандарымды тыңдап, оларды орындаған әркім үйін берік тастың үстіне7:24 Лұқ 6:47-49; Жар 49:24; Жыр 17:3. қалап салған көреген адамға ұқсас болады. 25 Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол құламайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған.
26 Алайда осы айтқандарымды естісе де, орындамаған әркім үйін құм үстіне салған ақымаққа7:26 Яки: түйсіксіз жанға (25:2; Лұқ 12:20). ұқсайды. 27 Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып үйді соққылағанда, ол опырылып құлап қалады.