Pular para o conteúdo
Publicidade

Матай 8

Исаның сұрапыл дауылды және жындарды бағындыруы

23 Содан кейін Иса қайыққа мініп алды. Шәкірттері Оған ілесіп, бәрі жағадан аттанды. 24 Кенеттен сұрапыл дауыл көтеріліп, қайық толқынның астында қалды. Иса бұл кезде ұйықтап жатты. 25 Шәкірттері Исаға жақындап, Оны оятып:

— Мырза, құтқара көріңіз! Құритын болдық! — деп айқайлады. 26 Иса оларға:

— Сенімі аздарым-ай, неліктен соншама қорқасыңдар? — деді де, орнынан тұрып, жел мен көлге тыйым салды. Сонда жым-жырт тыныштық орнады. 27 Аң-таң болған қайықтағылар өзара: «Тіпті жел мен көл де бағынатын Бұл кім Өзі?» — десті.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também