Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету
1 Бұл жазбада Исраилдің патшасы Дәуіт ұлы Сүлейменнің нақыл сөздері берілген.
2 Нақыл сөздердің мақсаты мынау:
Даналық пен тағылымды білдіріп,
Парасатты сөздерді ұғындыру,
3 Әділдік, дұрыс іс, ақ ниетке бағыттап,
Тәрбиелі, саналы өмірді иеленту,
4 Ақылы толмағанға ақыл беріп,
Жастарға білім, саналылық сыйлау.
5 Саналы жан тыңдап, ақыл-кеңес табады,
Дана жан біліміне білім қосады,
6 Осылай нақыл да астарлы сөздерді,
Данышпан адамдар айтып кеткендерді
Һәм олардың жұмбақтарын түсінеді.