Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті
1 Балалар, әке өсиетіне4:1 Яки: әкенің берген тәрбиесіне. құлақ түріңдер,
Парасатқа ықылас бөліп, меңгеріп алыңдар,
2 Өйткені мен сендерге игі тәлім беремін,
Бас тартып кетпеңдер үйреткен өсиетімнен!
3 Өзім де әкемнің қасындағы ұлы болдым,
Көзінің қарасы, шешемнің жалғызы едім.
4 Әрдайым былай деп әкем маған үйрететін:
Жүрегіңе сөздерімді берік тоқып алғын,
Өсиеттерімді орындап өмір сүргін.
5 Парасатқа ие болып, даналыққа кенелгін,
Сөздерімді ұмытып, бас тартып жүрмегін.
6 Даналықтан безбе, сонда ол сені қорғайды,
Ұдайы оны сүйсең, сені аман сақтайды.